Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және арыз берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай:
1) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы;
2) арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша мұндай арыз берілген күнге қатарынан он екі ай бойы өтеудің болмауы;
3) борышкерге қатысты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі шарттарына сәйкес келуі уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады.
Осы тармақшада көрсетілген берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап он сегіз айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет;
4) арыз берілген күнге дейін жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің қолданылмауы шарттарына сәйкес келуі уәкілетті органға жеке тұлғаның соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады.