Жалпыға бірдей декларациялаудың кезеңділігі?

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Сұрақ

    Жалпыға бірдей декларациялаудың кезеңділігі?

    Жауап

    Жалпыға бірдей декларацияны енгізу төрт кезеңнен тұрады:

    - 2021 жылдан бастап декларацияларды келесі тұлғалар ұсынады:

    - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;

    - мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары;

    - мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;

    - «ҚР-дағы сайлау туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», "ОБ нарығы туралы» Конституциялық ҚРЗ-ға сәйкес ұсыну бойынша міндет жүктелген тұлғалар.

    - 2023 жылдан бастап:

    - Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары;

    - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары.

    - 2024 жылдан бастап:

    - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;

    - жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.

    - 2025 жылдан бастап-халықтың қалған санаттары:

    1) кәмелетке толған адам (ҚР азаматы; қандас; тұруға ықтиярхаты бар адам; ҚР резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам);

    2) шарттардың бірінің активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс еткен жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша резидент емес болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам:

    1) құқықтары және (немесе) мәмілелері ҚР аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік;

    2) ҚР аумағындағы тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі.

    3) мынадай жағдайлардың кез келгені кезінде кәмелетке толмаған адам (ҚР азаматы, қандас, тұруға ықтиярхаты бар адам, шетелдік немесе ҚР резиденті болып табылатын азаматтығы жоқ адам):

    1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің, құқықтары және (немесе) мәмілелері ҚР шегінен тыс жерлерде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің меншік құқығында болуы;

    2) құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша, оның ішінде ҚР шегінен тыс жерлерде жылжымайтын мүлік құрылысында үлестің болуы;

    3) ҚР шегінен тыс орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарында барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданыста болған АЕК-тің 1000 еселенген мөлшерінен жиынтық асатын ақша сомасының болуы;

    4) міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (куәландырған) шарт немесе өзге құжат болған кезде осы тұлға алдындағы басқа тұлғалардың берешегі (дебиторлық берешегі) сомасының және (немесе) осы тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) сомасының болуы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Егер екінші деңгейлі банк, микрокаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын заңды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімі борышкердің мүлкі болған жағдайда немесе екінші деңгейлі банктерге, микрокаржы ұйымдарына, коллекторлық агентті...

    Сұрақ

    Қаржы басқарушысы уәкілетті органмен қандай мерзімде және қалай тағайындалады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес қаржы басқарушысы – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерін жүзеге асыратын тұ...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы азаматтарының сот арқыл банкроттық рәсімінде борышкердің мүлкін тікелей сату әдісімен сату қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 39-бабына сәйкес борышкердің мүліктік массасын өткізу тәртібі айқындалған.Борышкердің мүліктік массасын сату қаржылық басқарушы арқылы электрондық...

    Сұрақ

    Борышкер қаржы басқарушының қызметіне ақы төлеуді қандай мерзімде жүргізе алады және қандай жағдайларда бұл қызмет мемлекет есебінен қаржыландырылады?

    Жауап

    Қаржы басқарушысы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімі бойынша қызметін уәкілетті орган тағайындаған күннен бастап бастайды.Осы күннен бастап қаржы басқарушысы сыйақы алуға құқылы болады. Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес мұндай сыйақы борыш...

    Сұрақ

    Қаржы басқарушысы кім бола алады?

    Жауап

    Қаржы басқарушысы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламасы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы әрекет ете алады.Қаржы бас...

    Сұрақ

    Әкімшілер хабарландыруларды қай сайт арқылы жіберуі тиіс?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес әкімші уәкілетті органмен және өзге тұлғалармен уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсіл арқылы өзара іс-қимыл жасауға құқылы.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің...

    Сұрақ

    Мүліктік масса дегеніміз не және оның құрамына не кіреді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес мүліктік масса – бұл банкроттық рәсімі барысында өндіріп алуға жататын банкроттың мүлкі, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге тұлғалардың мүлкі.Заңның 96-ба...

    Сұрақ

    Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабының 1-тармағына сәйкес банкроттың мүлкін, оның ішінде талап ету құқықтарын сату банкроттық басқарушы тарапынан сату жоспарына сәйкес электрондық аукцион өткізу немесе тікелей сату әдісі арқ...