Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-333/2020 бұйрығымен бекітілген медициналық қызметтерді тұтынушылардың есебін жүргізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын беру қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес, Министрліктің ақпараттық жүйелері азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі - МӘМС) жарналарын мемлекет төлейтін тұлға мәртебесін автоматты түрде береді (алып тастайды).
"Білім алушылар" жеңілдікті санаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ) ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде "Білім алушылар" жеңілдікті санатының сақтандырылу мәселесін шешу үшін БҒМ-ге жүгіну қажет.