Жастар практикасына қалай қатысуға болады?
Тәжірибеңіз, практикалық дағдыңыз жоқ па? Онда бұл проблема емес!
Жастар практикасы Жоғары оқу орындары мен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектеріне алған мамандықтары бойынша мансап жолын бастауға мүмкіндік береді.
Қатысу шарттары оңай. Егер Сіз оқуды соңғы бес жыл ішінде оқуды бітірсеңіз және алған мамандығыңыз бойынша жұмыс тәжірибеңіз болмаса, онда жастар практикасына қатыса аласыз.
Жобаға қатысу мерзімі 12 айға дейін және бұл кезең еңбек өтіліне саналады.
Жалақының мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды, биылғы жылы 110 мың теңге.
Жастар практикасына қатысу арқылы Сіз алған мамандыңығыз бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік аласыз.