«Күміс жас» жобасына қалай қатысуға болады?
50 жастан асқан адамдар үлкен жұмыс тәжірбиесі бола тұра жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болады.
Адамдардың бұндай санаттары үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылуда.
Жобаға қатысу ұзақтығы 36 ай және осы кезеңде мемлекет жұмысқа орналасқан адамның жалақысын субсидиялайды.
«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші қатысушыны зейнеткерлікке шыққанша өзінде бар тұрақты жұмысқа алуға тиіс.
Егер Сіздің жасыңыз 50-ден асса және жұмыс іздеп жүрсеңіз онда «Күміс жас» жобасына қатысу мүмкіндігін пайдаланыңыз!