Грантты қалай алуға болады?
2024 жылы жеке ісін ашуға немесе оны кеңейтуге 9 мың грант беру жоспарланған.
Грантты әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар ала алады, оның ішінде;
- атаулы көмек алушылар;
- еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар;
- көпбалалы отбасылар;
- асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар
Грант мөлшері 400 АЕК немесе осы жылы 1 476 мың теңгені құрайды.
Гранттар қайтарымсыз конкурстық негізде беріледі. Сонымен қатар оның негізгі шарты Бастау Бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуды аяқтау туралы сертификаттың, бизнес жоспардың болуы.
Құжаттарды тапсыру процессі толығымен автоматтандырылған. Ол үшін Business.enbek.kz. порталында тіркелу керек.