Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жерпайдалану (жалғаалу) құқығымен беру конкурс негізінде жүзеге асырылады.Шаруа қожалығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары бөлімдері қалыптастырады және бұл қоғамдықкеңестермен,агроөнеркәсіптіккешенсаласындағымемлекеттікемесұйымдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттықкәсіпкерлер палатасымен және жергілікті өзін-өзібасқару органдарымен келісіледі.Конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаныңнемесеҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікемесзаңдытұлғасыныңуәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.Конкурсты жер комиссиясы өткізеді.Конкурстың қорытындысы жер комиссиясының хаттамалық шешімімен ресімделеді.