Борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуге қойылатын талаптар қандай ?

    Маңғыстау облысының Әділет департаменті

    Сұрақ

    Борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуге қойылатын талаптар қандай ?

    Жауап

    ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңының 33-бабына сәйкес, сот орындаушысы: атқарушылық құжаттың мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам;

    Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті.

    Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлға басшысы (міндетін атқарушы) уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін қойылады.

    Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Менің пәтерімде банктерге қарызы бар адам тұрған, бірақ оның ешқандай мүлкі болмаған. Жалға алушының қарызына байланысты сот орындаушы менің пәтеріме тыйым салу туралы қаулы шығарды. Сұрақ: сот орындаушы мұндай шешімді қандай негізде шығарады?

    Жауап

    Қысқаша жауап Борышкерге тиесілі емес мүлікке сот орындаушысының тыйым салуы заңсыз болып табылады. Толық жауап Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 62-бабының 3 тармағына сәйкес борышкерге меншiк, шаруашылық жү...

    Сұрақ

    Сот орындаушысының әрекетсіздігіне өндіріп алушы не істей алады?

    Жауап

    Қысқаша жауап Аумақтық Әділет органынна немесе жеке сот орындаушылар палатасына шағым беру. Сондай-ақ сотқа жүгінуге болады. Толық жауап Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 127-бабының талабына сай өндiрiп алуш...

    Сұрақ

    Заң көмегін тегін алуға бола ма? Оны қалай алуға болады?

    Жауап

    Қысқаша жауап Иә, заңда оған құқығы бар адамдар үшін мемлекет кепілдік берген заң көмегі және кешенді әлеуметтік заң көмегі көзделген. Оны алу үшін аумақтық әділет органдарына, адвокаттар алқасына немесе заң консультанттары палатасына жүгіну қажет. Толық жауап Мемлекет кепілдік...

    Сұрақ

    Атқарушылық жазбаны мәжбүрлеп орындатуға ұсыну мерзімі және оны даулау мүмкіндігі қандай?

    Жауап

    Қысқаша жауап Атқарушылық жазбаны мәжбүрлеп орындатуға үш жыл ішінде ұсынуға болады. Борышкер оның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қарсылығын нотариуске жолдай алады. Толық жауап «Нотариат туралы» ҚР Заңының 92-7-бабына сәйкес атқарушылық жазбаның көшірме...

    Сұрақ

    Қандай жағдайларда борышкерге қатысты жасалған атқарушылық жазба туралы ол тиісті түрде хабарланған болып есептеледі?

    Жауап

    Қысқаша жауап Борышкер тиісті түрде хабарланған болып есептеледі, егер: атқарушылық жазбаның көшірмесі тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберілсе; соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша хабарламасы бар тапсырыс хатымен жолданса (оның ішін...

    Сұрақ

    Жылжымайтын мүлікке қандай құқықтар мемлекеттік тіркеуге жатады?

    Жауап

    Жылжымайтын мүлікке келесідей құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады: - меншік құқығы; - шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы; үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің...

    Сұрақ

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу дегеніміз не?

    Жауап

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу – Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңымен және өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өз...

    Сұрақ

    Жылжымайтын мүлік дегеніміз не?

    Жауап

    Жылжымайтын мүлік дегеніміз-жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер.