«Талдықорған орталық бассейні» су спорты түрлері бойынша облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі өз қызметін 2021 жылдың ақпан айынан бастады.Спорт мектеп балаларға арналып ашылған мекеме болғансоң, спорт топтарына қатысатын спортшыларға тегін түрде қызмет көрсетеді.Спорт мектебіне қазіргі таңда 1188 бала қабылданады (жүзуден - 1021, су добынан - 112, синхронды жүзуден - 55). Алдағы уақытта мектеп облыс бойынша 2000-ға жуық оқушыны тегін топтарға қамтуды жоспарлап отыр.Жүзу бойынша 20 жаттықтырушы, су добынан 3 жаттықтырушы және синхронды жүзуден 1 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап бассейн барлық қала тұрғындары үшін ақылы негізде қолжетімді. Қатысу уақыты сағат 18.30-22.00 аралығында. 1 айлық қатысу төлемі ересектерге – 20 000 теңге, балаларға – 10 000 теңге. 1 күндік қатысу төлемі ересектерге – 2 000 теңге, балаларға – 1 000 теңге. 1-ші, 2-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы отбасыларға 30 % жеңілдіктер жасалған.