Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажеттігі айтылды.Осыған байланысты, бұқаралық спортты оның ішінде балалар спортын дамыту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру жобасы іске қосылды.Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін іске асыру барысында спорттық секцияларда 10 000 баланы қамту жоспарланып (облыстағы 507 432 жалпы бала санының – 2,0 пайызы), аталған мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,0 млрд.теңге қаражат бөлінді.Аталған көрсеткішті - 2022 жылдың соңына дейін 16 000 балаға дейін (облыстағы жалпы бала санының 3,2%), 2023 жылдың соңына дейін 20 000 балаға дейін (облыстағы жалпы бала санының 3,9%) жеткізу жоспарлануда.