Балабақшадан орын үшін баланы кезекке қою қалай жүргізіледі?

    Алматы облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Балабақшадан орын үшін баланы кезекке қою қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Балабақшадан орын үшін баланы кезекке қою Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 254 бұйрығына сәйкес іске асырылады.Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою е-zhetysu.kz порталы арқылы жүзеге асады. Сайтқа сілтеме: http://e-zhetysu.kz Электронды кезекке қою үшін Электрондық сандық қолтаңба көмегімен тіркелесіз (ЭСҚ).Кезекке өтінімді 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрыққа сәйкес бересіз және сіз көрсеткен толефон номеріне немесе электронды поштаға кезек номері көрсетілген хабарламаны күтіңіз.Мектепке дейінгі ұйымды таңдаңыз.Бағыттаманы электронды поштаңызға онлайн алыңыз.Шартты бекітіңіз.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жалпы білім беретін оқу орындарын лицензиялау қай құжатқа сәйкес жүргізіледі ?

    Жауап

    Жалпы орта білім беретін ұйымдарды лицензиялау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы процестің құқықтық негізін мыналар құрайды: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ол лицензия берудің жалпы қағидаларын, тә...

    Сұрақ

    Үйде оқитын балаларға қорытынды баға қою тәртібі қандай?

    Жауап

    Денсаулық жағдайына байланысты үйде оқытылатын білім алушыларға бағалау жалпы білім беру ұйымдарындағы бағалау тәртібімен бірдей жүргізіледі. Білім алушының үлгерімі пән мұғалімдерінің ағымдағы бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық бағалау нәтижелері арқылы анықта...

    Сұрақ

    Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері / ППТК/ қызметіне қалай жүгінуге болады?

    Жауап

    ППТК қызметіне жүгіну үшін ата-ана немесе заңды өкіл баланың тұрғылықты жері бойынша ППТК ұйымына өтініш береді. Өтінішке келесі құжаттар ұсынылады: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, ата-анасының жеке куәлігі, медициналық анықтамалар, ПМПК қорытындысы (бар болған жағдайда)...

    Сұрақ

    Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға ассистент қызметі қарастырыла ма?

    Жауап

    Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар /бұдан әрі ПМПК/ ұсынымына сәйкес білім беру ұйымы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға қолдау көрсетуді ұйымдастырады. Педагог-ассистент баланың орнына оқу тапсырмаларын орындамайды, тек оқу процесіне қатысуына жағдай ж...

    Сұрақ

    Оқушыларға тегін жол жүру қарастырыла ма?

    Жауап

    Жеңілдік алушылар Әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға және шалғай елді мекендерден қатынайтын балаларға жол жүру жеңілдіктері берілуі мүмкін. Мектеп тасымалы Ауылдық жерлерде мектеп автобустары арқылы тегін тасымалдау ұйымдастырылады. Қоғамдық көлік жеңілдіктері Жергілікті атқар...

    Сұрақ

    Инклюзивті сыныптарға оқушыларды қабылдау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Ата-ананың өтініші Ата-ана немесе заңды өкіл мектепке өтініш береді. 2.Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар /бұдан әрі ПМПК/ қорытындысы Оқушыны оқыту ерекшеліктері психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде анықталады. Қажетті ж...

    Сұрақ

    Оқушыларды тасымалдау қалай ұйымдастырылады?

    Жауап

    Оқушыларды тасымалдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілеріне сәйкес арнайы ұйымдастырылады. Негізгі тәртібі мынадай: 1. Қажеттілік анықтау - Ауылдық жерлерде немесе мектепке дейінгі қашықтығы 3 шақырымнан асаты...

    Сұрақ

    Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін арнайы ұйымдар бар ма?

    Жауап

    Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері /бұдан әрі ППТК/ жеке, топтық және кіші топтық сабақтар түрінде жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымы болып табылады. ППТК басқа арнайы білім беру ұйымдарына баратын балаларды қоспағанда...