Күзетілетін адамдар – Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзетуге жататын адамдар.
Мыналар күзетілетін адамдар болып табылады:
- Қазақстан Республикасының Президенті;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы;
- Қазақстан Республикасының Премьер-министрі;
- Республика Президентінің зайыбы (жұбайы) және Президентпен бірге тұратын басқа да отбасы мүшелері;
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы;
- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының онымен бірге тұратын отбасы мүшелері немесе оған еріп жүрушілер;
- Қазақстан Республикасының экс-президенті;
- тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары;
- қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қамтамасыз етілетін шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары;
- қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының өкімдері негізінде қамтамасыз етілетін халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердің өзге де адамдары.