1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
3) күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) өз өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
5) күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнетін қатерлердi болжау және анықтау, олардың алдын алу және залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар кешенін жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру және рәсімдік және хаттамалық іс-шараларды атқаруға қатысу.
Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өзге де мiндеттерi белгіленуі мүмкін.