ҚР МКҚ-ға қызметке қабылдау тәртібі мен шарты

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі

    Сұрақ

    ҚР МКҚ-ға қызметке қабылдау тәртібі мен шарты

    Жауап

    ҚР МКҚ-дағы қызметке жасы он сегiзге толған, қажетті жеке, моральдық және кәсiби қасиеттерi, бiлiм деңгейi, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмiнiң даму жағдайы бар Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.

    Қызметке:

    ҚР заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;

    лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар;

    өзiнiң мәртебесi мен соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттердi болғызбау мақсатында ҚР заңында белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

    қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған;

    қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

    қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

    сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

    сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған;

    бұрын сотталған немесе ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептер бойынша шығарылған;

    арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі және өзінің жаќын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер берген;

    қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген адам қабылданбайды.

    Қызметке тұрған кезде үміткер және оның отбасы мүшелері табыс туралы декларация тапсыру туралы мәлімет ұсынуы тиіс.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    ҚР МКҚ-ға қызметке тұратын ҚР азаматтарына қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    ҚР МКҚ-дағы қызметке үміткерлерге мынадай ортақ біліктілік талаптары қойылады: соттылығының, соның ішінде өтелмеген әкімшілік құқық бұзушылықтың болмауы; оқу, жұмыс, қызмет, тұратын жері бойынша оң мінездеменің болуы; болжалды лауазымның талаптарына сай келетін денсаулық жағдайы;...

    Сұрақ

    ҚР МКҚ қандай міндеттерді атқарады?

    Жауап

    1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және...

    Сұрақ

    ҚР МКҚ қызметкерлері қандай жағдайларда өздері жарақтанған арнаулы құралдарды қолдануға құқылы?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерiнiң және әскери қызметшілерінің өздерi жарақтанған арнаулы құралдарды мынадай жағдайларда қолдануға құқығы бар: 1) күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн; 2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызме...

    Сұрақ

    ҚР МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілері жарыстарға қатыса ма?

    Жауап

    Жарыстарға қатысу ҚР МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілерін даярлаудың ажырамас бөлігі. Спорт және қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар (сайыстар) қызметкерлер мен әскери қызметшілердің моральдық-жігерлік қасиеттерін, психологиялық даярлығын дамытуға, тактикалық ойлау қабілет...

    Сұрақ

    ҚР МКҚ күзететін адамдар кім?

    Жауап

    Күзетілетін адамдар – Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзетуге жататын адамдар. Мыналар күзеті...

    Сұрақ

    ҚР МКҚ-дағы қызмет басқа қуатты құрылымдардағы қызметтен айырмашылығы қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінд...