ҚР МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілері жарыстарға қатыса ма?
Жарыстарға қатысу ҚР МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілерін даярлаудың ажырамас бөлігі. Спорт және қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар (сайыстар) қызметкерлер мен әскери қызметшілердің моральдық-жігерлік қасиеттерін, психологиялық даярлығын дамытуға, тактикалық ойлау қабілетін тәрбиелеуге, сондай-ақ күйзеліс жағдайында ағзаның әлеуетті мүмкіндіктерін жұмылдыруға және сабырлылық танытуға ықпал етеді.
Қызметтің қызметкерлері мен әскери қызметшілері халықаралық сайыстарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қуатты құрылымдарының арасындағы сайыстарға қатысады.