Шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға қатысты, Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы жайылымдарды суландыру көздеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге шахталы және құбырлы құдықтардың 70%-тен астамы, сонымен қатар барлық су құбырлары күрделі жөндеуді қажет етеді.Су көздерін қайта қалпына келтіру ісі «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Жайылымдық мал шаруашылығын дамыту шығындарының, оның ішінде суару көздерін салу немесе жаңғырту, су көтеру құрылғыларын орнату, күн панелдері мен автоматты суару жүйелерін енгізу шараларын, мемлекет тарапынан 80 процентке дейін субсидиялау қарастырылған. Облыс әкімдігі шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2014 жылдан 2020 жылға дейін жайылымдарды суландыруға 746,3 млн.теңге субсидия бөлді. 850 құдық салынды, 446,6 мың гектар жайылым қамтылды.Ағымдағы жылы 31 құдық салынып, осы мақсаттарға 175 млн.теңге субсидия қарастырылған.