Жеке тұлғаларға кейінге қалдыру/бөліп төлеу қандай шарттармен беріледі?
Жауап — Кейінге қалдыру жеке тұлғаларға салық берешегі 1500 АЕК (6,4 млн. теңге) дейін болған жағдайда беріледі.
Жеке тұлға салық органына «ҚР азаматтарына арналған Корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамнан өтініш берілген күнге дейін 10 жұмыс күнінен ерте емес бір жылдағы кірістер туралы мәліметтерді және жылжымалы және жылжымайтын мүлік туралы анықтаманы ұсынады.