Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға шектеу қалай жүзеге асырылады?
2026жылғы 1 қаңтардан бастап мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының бірі Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға шектеу болып табылады, ол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап заңды күшіне енгізілді.
Көрсетілгеншара Салық кодексінің 189 - бабының негізінде заңды тұлғаның бірінші басшысына, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жеке практикамен айналысатын тұлғаға қатысты жүзеге асырылады .
Шығуға уақытша шектеу туралы қаулы ИСНА АЖ - де автоматтырежимде қалыптастырылады.
Көрсетілгенқаулыны салық органы санкция беру үшін сотқа жібереді. Шығуға уақытша шектеу туралы сот санкциялаған қаулы салық органының ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттық базасына жіберіледі.