Мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығын айқындау үшін негізгі құралдар бойынша мәліметтерді жаңарту және түзету тәртібі қандай?
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы бұйрығының (бұдан әрі - Қағидалар) 262-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын айқындау мақсаттары үшін осы мәліметтерді қолдану жылының алдындағы 1 қазаннан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде бір рет веб-порталда жаңартылады.
Қағидалардың 68-тармағының 3) тармақшасының негізінде мемлекеттік кірістер органдары төмендеу, сондай-ақ бұрмалау және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің салық есептілігінің қосымша нысандарын ұсынуы арқылы олардың өсуіне әкеп соғатын қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін көрсетпеу және (немесе) салық декларацияларын кері қайтарып алған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес I және II топтағы негізгі құралдардың сомасы салық төлемдерін уақтылы төлеумен расталған жағдайда, алдыңғы жылдың алдындағы үш жыл үшін негізгі құралдардың құнын түзетеді.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, веб-порталдағы мәліметтерді түзетуді уәкілетті орган қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері артқан жағдайларда жүргізеді.