Егер көлік бірнеше жыл бұрын сатылса және оған салық қазір ғана түссе ше?
Көлік құралдарына салынатын салық ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің орталық деректер базасының мәліметтері негізінде есептеледі. Егер уәкілетті органның мәліметтері бойынша көлік құралы есепте тұрған жағдайда, салық органдары осындай көлік құралы бойынша салықты есептеуге міндетті. Көлік құралын есептен шығару үшін Арнайы ХҚКО -ға жүгіну қажет.