Қазақстан бойынша жануарлардың орнын ауыстыру үшін ветеринариялық анықтама қажет пе?
Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер ветеринариялық анықтамамен қоса жүреді.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық анықтамасыз тасымалдауға (орнын ауыстыруға) рұқсат берілмейді. Кейс: Азамат итін Петропавл қаласынан Алматы қаласына алып барғысы келеді. Жолға шығар алдында ол ветеринариялық ұйымға жүгінеді, онда жануар тексеріліп, ветеринариялық паспортының негізінде жануарды тасымалдауға арналған ветеринариялық анықтама рәсімделеді. Тасымалдау кезінде иттің ветеринариялық паспорты және тиісті ветеринариялық анықтамасы болуы қажет.