Тәртіптік теріс қылықтар үшін тәртіптік жазаны қолданудың қандай мерзімдері белгіленген?
Тәртіптік жазаны қолдану мерзімі:
1) ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап екі айдан;
2) сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап үш айдан;
3) қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап төрт айдан;
4) қызметке толық сай еместігі туралы ескерту, мемлекеттік қызметшінің лауазымдық деңгейін төмендету, сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тану түріндегі тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс.
Мемлекеттік лауазымды төмендету түріндегі тәртіптік жаза бойынша қолданылу мерзімі белгіленбейді.