Оқушыны бір мектептен екінші мектепке қалай ауыстыруға болады және қандай құжаттар қажет?

    Алматы қаласының әкімдігі

    Сұрақ

    Оқушыны бір мектептен екінші мектепке қалай ауыстыруға болады және қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Оқушыны ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен реттеледі.

    1. Ауыстыру мерзімі

    17-тармаққа сәйкес, бір мектептен екінші мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау каникул кезеңінде жүзеге асырылады.

    Оқу кезеңінде ауыстыруға мынадай жағдайларда жол беріледі:

    • заңды күшіне енген сот шешімі болған кезде;
    • бір елді мекен шегінде немесе басқа елді мекенге көшкен кезде – тұрғын үйге меншік құқығын не оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттар болған жағдайда;
    • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығу кезінде – растайтын құжаттар болған жағдайда;
    • зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке немесе буллингке ұшыраған не оның куәгері болған баланы ауыстыру кезінде.
    1. Өтініш беру тәсілі

    18-тармаққа сәйкес, ата-ана немесе өзге де заңды өкіл өтінішті:

    • электрондық үкімет порталы арқылы;
    • немесе тікелей мектепке қағаз түрінде береді.

    Қажетті құжаттардың тізбесі № 564 бұйрықтың 2-қосымшасында белгіленген.

    1. Портал арқылы өтініш берген кезде

    Мыналар талап етіледі:

    • белгіленген нысандағы ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші.

    Қызмет көрсету нәтижесі жеке кабинетке жолданады. 19-тармаққа сәйкес, ауыстыру туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту бір жұмыс күні ішінде жіберіледі.

    1. Қағаз түрінде ауыстыру тәртібі
    • ата-ана баланы ауыстырғысы келетін мектепке өтініш береді;
    • 20-тармаққа сәйкес, мектеп 1 жұмыс күні ішінде қабылдау туралы есептен шығару талонын береді;
    • аталған талон баланың бұрынғы мектебіне 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс. Талонның жарамдылық мерзімі де – 3 жұмыс күні;
    • 21-тармаққа сәйкес, бұрынғы мектеп қабылдау туралы талонды алғаннан кейін ата-анаға:
      • шығу туралы есептен шығару талонын;
      • оқушының жеке іс қағазын береді;
    • 22-тармаққа сәйкес, алынған құжаттардың түпнұсқалары жаңа мектепке ұсынылады. Осыдан кейін мектептер оқушыны шығару және қабылдау туралы тиісті бұйрықтар шығарады.
    1. Ауыстыру үшін қажетті құжаттар
    • ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
    • қағаз түрінде рәсімдеген кезде – қабылдау туралы есептен шығару талоны;
    • кейін бұрынғы мектеп шығу туралы есептен шығару талонын және баланың жеке іс қағазын береді;
    • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен жағдайда қабылдау туралы талонның орнына шетелге шығуды растайтын құжат ұсынылады.
    1. Мектепте бос орынның болуы

    25-тармаққа сәйкес, оқушыларды 2–9-сыныптарға қабылдау сынып-жинақтардың шамадан тыс толып кетпеуі шартымен жүзеге асырылады.

    Сондықтан ауыстыруға негіздің болуы нақты таңдалған мектепке автоматты түрде қабылдануды білдірмейді, егер тиісті сыныпта бос орын болмаса.

    Бұл ретте жалпы тәртіп бойынша ауыстыру каникул кезінде жүзеге асырылады, ал оқу тоқсаны ішінде – тек № 564 бұйрықтың 17-тармағында тікелей көзделген жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Автобус бағытын немесе қозғалыс кестесін өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Алматыда автобустың бағытын немесе қозғалыс кестесін өзгерту мәселесі тек ресми өтініш негізінде қаралады. Өтініш берілгеннен кейін көлік жағдайына талдау жүргізіліп, тиісті шешім қабылданады. Ол үшін Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасына e-...

    Сұрақ

    Алматыда иесіз жануарларды ұстау мәселесі қалай реттеледі?

    Жауап

    Алматыда қараусыз және иесіз жануарлардың санын реттеу жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мақсат – адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу, сондай-ақ жануарлардың адамдарға шабуыл жасау қаупін азайту. Қараусыз және иесіз жануарларды ұстаумен Алматы қаласы К...

    Сұрақ

    Жол жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы неге шектеледі?

    Жауап

    Жол жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысын уақытша шектеу немесе жол учаскесін толық жабу – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жөндеу жұмыстарын сапалы орындауға бағытталған қажетті шара. Жөндеу кезінде жол бойында жол-құрылыс машиналары, арнайы техника және жұм...

    Сұрақ

    Электромобильді тегін тұраққа қалай тіркеуге болады?

    Жауап

    Электромобиль иелері тегін тұрақ мүмкіндігін пайдалану үшін тұрақ кеңістігінің операторы – Алматы қаласы Көлік қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының «Алматы паркинг» ШЖҚ КМК-не өтінім беруі қажет. Өтінім қаралып, мақұлданғаннан кейін көлік құралы туралы мәлі...

    Сұрақ

    Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінің 1-сыныбына 2026–2027 оқу жылына балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінде балаларды 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Өтінішті OQU Ұлттық білім беру платформасы (https://oqu.edu.kz) немесе egov.kz электрондық үкімет п...

    Сұрақ

    Демалыс күнгі жәрмеңкеге қатысуға өтінішті қайда тапсыруға болады?

    Жауап

    Алматы қаласында демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу жұмыстары «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қатысуымен жүзеге асырылады. Аталған ұйым өтінімдерді қабылдап, қатысушылардың тізімін қалыптастырады және сауда орындарын бөледі. Өтінім б...

    Сұрақ

    Баланы балабақшаға қалай орналастыруға болады?

    Жауап

    Алматы қаласында балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау «Balabaqsha SmartNation» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Балабақшаға өтінімді қалай беруге болады Өтінім «Balabaqsha SmartNation» жүйесі арқылы онлайн форматта беріледі. Ол үш...

    Сұрақ

    Жаз мезгілінде балаларға қандай үйірмелер мен секциялар қолжетімді және баланы қалай жазуға болады?

    Жауап

    Жазғы кезеңде Алматы қаласында балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы жалғасады. Олар шығармашылық, спорттық және танымдық бағыттар бойынша түрлі үйірмелер мен секцияларды ұсынады. Жазда қандай үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді Балалар үшін келесі бағыттар қ...