Автобус бағытын немесе қозғалыс кестесін өзгертуге бола ма?

    Алматы қаласының әкімдігі

    Сұрақ

    Автобус бағытын немесе қозғалыс кестесін өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Алматыда автобустың бағытын немесе қозғалыс кестесін өзгерту мәселесі тек ресми өтініш негізінде қаралады. Өтініш берілгеннен кейін көлік жағдайына талдау жүргізіліп, тиісті шешім қабылданады.

    Ол үшін Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасына e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы өтініш жолдауға немесе Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4 мекенжайындағы басқарма кеңсесіне жазбаша түрде жүгінуге болады. Байланыс телефоны: +7 (727) 225-12-81.

    Өтініште автобус бағытын немесе қозғалыс кестесін өзгерту жөніндегі ұсынысты және оның себебін нақты көрсету қажет. Мысалы, жолаушылар санының артуы, қозғалыс интервалының қолайсыздығы немесе белгілі бір аумақта қоғамдық көлік қатынасының жеткіліксіз болуы негіз ретінде көрсетілуі мүмкін.

    Өтініш тіркелгеннен кейін басқарма мамандары аумақты барып тексереді, жолаушылар санын, тұрғындар санын және жол инфрақұрылымының жағдайын талдайды, сондай-ақ ұсыныстың жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бағалайды.

    Егер маршрутты немесе қозғалыс кестесін өзгерту қажеттілігі негізделсе, жаңа қозғалыс сызбасы мен кестесі әзірленеді. Осыдан кейін маршрутқа тиісті өзгеріс енгізіліп, ол әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізіміне енгізілуі мүмкін.

    Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда қарау мерзімі заңнамада белгіленген тәртіппен екі айға дейін ұзартылуы мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Оқушыны бір мектептен екінші мектепке қалай ауыстыруға болады және қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Оқушыны ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен реттеледі. Ауыстыру мерзімі 17-тармаққа сәйкес, бір мектептен екінші мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау каникул кезеңінде жүзеге асырылады. Оқу кезеңінде...

    Сұрақ

    Алматыда иесіз жануарларды ұстау мәселесі қалай реттеледі?

    Жауап

    Алматыда қараусыз және иесіз жануарлардың санын реттеу жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мақсат – адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу, сондай-ақ жануарлардың адамдарға шабуыл жасау қаупін азайту. Қараусыз және иесіз жануарларды ұстаумен Алматы қаласы К...

    Сұрақ

    Жол жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы неге шектеледі?

    Жауап

    Жол жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысын уақытша шектеу немесе жол учаскесін толық жабу – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жөндеу жұмыстарын сапалы орындауға бағытталған қажетті шара. Жөндеу кезінде жол бойында жол-құрылыс машиналары, арнайы техника және жұм...

    Сұрақ

    Электромобильді тегін тұраққа қалай тіркеуге болады?

    Жауап

    Электромобиль иелері тегін тұрақ мүмкіндігін пайдалану үшін тұрақ кеңістігінің операторы – Алматы қаласы Көлік қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының «Алматы паркинг» ШЖҚ КМК-не өтінім беруі қажет. Өтінім қаралып, мақұлданғаннан кейін көлік құралы туралы мәлі...

    Сұрақ

    Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінің 1-сыныбына 2026–2027 оқу жылына балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінде балаларды 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Өтінішті OQU Ұлттық білім беру платформасы (https://oqu.edu.kz) немесе egov.kz электрондық үкімет п...

    Сұрақ

    Демалыс күнгі жәрмеңкеге қатысуға өтінішті қайда тапсыруға болады?

    Жауап

    Алматы қаласында демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу жұмыстары «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қатысуымен жүзеге асырылады. Аталған ұйым өтінімдерді қабылдап, қатысушылардың тізімін қалыптастырады және сауда орындарын бөледі. Өтінім б...

    Сұрақ

    Баланы балабақшаға қалай орналастыруға болады?

    Жауап

    Алматы қаласында балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау «Balabaqsha SmartNation» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Балабақшаға өтінімді қалай беруге болады Өтінім «Balabaqsha SmartNation» жүйесі арқылы онлайн форматта беріледі. Ол үш...

    Сұрақ

    Жаз мезгілінде балаларға қандай үйірмелер мен секциялар қолжетімді және баланы қалай жазуға болады?

    Жауап

    Жазғы кезеңде Алматы қаласында балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы жалғасады. Олар шығармашылық, спорттық және танымдық бағыттар бойынша түрлі үйірмелер мен секцияларды ұсынады. Жазда қандай үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді Балалар үшін келесі бағыттар қ...