Электромобильді тегін тұраққа қалай тіркеуге болады?

    Алматы қаласының әкімдігі

    Сұрақ

    Электромобильді тегін тұраққа қалай тіркеуге болады?

    Жауап

    Электромобиль иелері тегін тұрақ мүмкіндігін пайдалану үшін тұрақ кеңістігінің операторы – Алматы қаласы Көлік қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының «Алматы паркинг» ШЖҚ КМК-не өтінім беруі қажет.

    Өтінім қаралып, мақұлданғаннан кейін көлік құралы туралы мәліметтер «Парковочная платформа версия 3.1» ЭЕМ бағдарламасындағы жеңілдіктер тізіліміне енгізіледі. Осыдан кейін электромобиль иесі белгіленген тұрақ жеңілдігін пайдалана алады.

    Өтінім беру тәртібімен және жеңілдік алу шарттарымен кәсіпорынның www.almaty-parking.kz ресми сайтындағы «Жеңілдіктер» бөлімінен танысуға болады.

    Қосымша ақпаратты +7 (727) 390 8000 нөмірі бойынша колл-орталықтан алуға болады. Сондай-ақ, Алматы қаласы, Байсейітова көшесі, 40-үй, 71-тұрғын емес үй-жай мекенжайына жеке жүгінуге немесе «eOtinish» сервисі арқылы өтініш жолдауға болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Сайлаушылар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін қашан және қайдан тексере алады?

    Жауап

    2026 жылғы 13 қарашадан бастап сайлаушыларға нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміндегі немесе тиісті әкімдіктің колл-орталығы арқылы өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

    Сұрақ

    Неліктен мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдері түрлі түсті болады?

    Жауап

    2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды сайлау тәсіліне қарай ерекшеленеді. Бұл сайлаушыларға бюллетеньдерді оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Сайлау бюллетеньдері төрт түсте болады: ·К...

    Сұрақ

    Мәслихат депутаттары қандай сайлау жүйесі бойынша сайланады?

    Жауап

    Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы - бірмандатты аумақтық сайлау о...

    Сұрақ

    Кім мәслихат депутаты болып сайлана алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болаалады. Сотіс-әрекеткеқабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындаотырғаназаматтардың; сотталғандығы заңменбелгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмағанадам...

    Сұрақ

    Мәслихаттар дегеніміз не және олардың депутаттары қалай сайланады?

    Жауап

    Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар. Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Мәслихат депу...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттарының сайлауы қашан өтеді?

    Жауап

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау науқаны барысында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың 228 мәслихатына 3 447 депутат сайланады.

    Сұрақ

    Оқушыны бір мектептен екінші мектепке қалай ауыстыруға болады және қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Оқушыны ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен реттеледі. Ауыстыру мерзімі 17-тармаққа сәйкес, бір мектептен екінші мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау каникул кезеңінде жүзеге асырылады. Оқу кезеңінде...

    Сұрақ

    Автобус бағытын немесе қозғалыс кестесін өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Алматыда автобустың бағытын немесе қозғалыс кестесін өзгерту мәселесі тек ресми өтініш негізінде қаралады. Өтініш берілгеннен кейін көлік жағдайына талдау жүргізіліп, тиісті шешім қабылданады. Ол үшін Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасына e-...