Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі болып кім сайлана алады және академиктерді сайлаудың тәртібі қандай?
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының (бұдан әрі – ҚР ҰҒА) академиктерін сайлау қағидалары мен критерийлеріне https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035119 сәйкес Ұлттық ғылым академиясының академигі болып ғылыми жетістіктері, ғылыми дәрежесі (PhD, ғылым докторы) және ғылыми/білім беру ұйымдарында кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі бар атағы (профессор, қауымдастырылған профессор) бар ірі ғалым болып табылатын Қазақстан азаматы сайлана алады.
ҚР ҰҒА академигі болып сайлау конкурстық негізде өтеді және мынадай кезеңдерден тұрады: үміткерлердің құжаттарының өлшемдерге сәйкестігін қарау (ғылыми жетістіктер, ғылымға қосқан үлесі, кадрлар даярлау мектебі), үміткерлерді балдық жүйе бойынша сараптамалық комиссияның бағалауы, Академия Төралқасының үміткердің даму бағдарламасын бағалауы.
Сайлау туралы шешімді кандидатураны мақұлдайтын немесе қабылдамайтын жалпы жиналыс қабылдайды.
Мысал: PhD дәрежесі бар және қауымдастырылған профессор болып табылатын азамат Қ. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайлануға құжаттар тапсырды.
Бірақ оның кандидатурасы қабылданбады, өйткені оның жұмыс өтілі құжаттарды тапсыру кезінде 9,5 жыл болды.