Ғылыми және немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккреддиттеу шеңберінде ұйымдарды бағалау кезінде не ескеріледі?
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) http://10.61.42.188/kaz/docs/V2000020626 сәйкес, Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу шеңберінде ұйымдарды бағалау кезінде Ғылым комитеті кадрлық әлеуетті, материалдық-техникалық базаны және ұйымның ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстарды орындау қабілетін бағалайды.
Мысалы, ветеринария саласында қызмет атқаратын Алматы қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – ЖШС) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуге өтінім берген. Аталған ЖШС-де талап етілетін кадрлық әлеует бар және әртүрлі ғылыми зерттеулерді жүргізу мүмкіндігі бар, алайда материалдық-техникалық базасы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді, нәтижесінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелмеді.