Ғылыми-техникалық кеңес немен айналысады және ғылыми-техникалық кеңестің құрамына кім кіреді?
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қазандағы № 491 «Ғылыми-техникалық кеңес бойынша үлгілік ережені бекіту туралы» (бұдан әрі – Бұйрық) бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz.rus/docs/V2400035287, ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрі – ҒТК) – реттелетін салалардағы салалық уәкілетті органдар, ғылыми ұйымдар және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
ҒТК қызметі мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
1) ғылым және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға ұсыныстар әзірлеу және жәрдемдесу;
2) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) салалық ғылыми ұйымдарды дамытуға және технологиялық және инновациялық қызметті ұйымдастыруға ұсыныстар әзірлеу және қатысу.
ҒТК төраға мен тұрақты мүшелерден тұрады. ҒТК құрамына салалар бойынша жетекші ғалымдар, мемлекеттік органдар мен даму институттарының, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық холдингтер мен компаниялардың өкілдері, ұлттық ғылыми кеңестердің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтарының, жер қойнауын пайдаланушылардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың мүшелері кіреді.
Мысалы, мен Қазақстан Республикасының азаматымын, уәкілетті органның реттелетін салаларында докторлық (PhD) философия дәрежесі және ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 жыл. ҒТК құрамына кіре аламын ба? Иә, сіз ҒТК құрамына қосылуға өтініш бере аласыз.