Жиі қойылатын сұрақтар
1-сұрақ: Мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін объект қолжетімді деп танылуы үшін пандус орнату жеткілікті ме?
Жауап: Жоқ. Қолжетімділік кешенді түрде қамтамасыз етілуі тиіс: іргелес аумақтан және кіреберістен бастап, ғимараттың ішкі үй-жайлары, қызмет көрсету аймағы, санитариялық үй-жайлар, жүріп-тұру жолдары және басқа да элементтер қамтылуы қажет.
2-сұрақ: Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы не сатып алуға немесе алуға болады?
Жауап: Атап айтқанда, техникалық оңалту құралдарын, арнаулы әлеуметтік қызметтерді, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерін, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да әлеуметтік қызметтер мен тауарларды алуға болады.
3-сұрақ: Объектінің қандай негізгі элементтері қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс?
Жауап: Кіреберіс топтары, жүріп-тұру жолдары, қызмет көрсету аймақтары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, ақпараттандыру және телекоммуникация құралдары, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған автотұрақ орындары қолжетімді болуы тиіс.
4-сұрақ: Егер адамның мүгедектігі болса, ол Портал арқылы барлық қызметтерді автоматты түрде алуға құқылы ма?
Жауап: Жоқ. Нақты тауарды немесе қызметті алу құқығы мүгедектігі бар адамның жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, әзірленген абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына (АОЖБ) сәйкес айқындалады.
5-сұрақ: Арнаулы әлеуметтік қызметтерді (АӘҚ) көрсетуге лицензия алу үшін өтінім қай ресурс арқылы беріледі?
Жауап: Өтінім Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы беріледі.