Жиі қойылатын сұрақтар
1. Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) дегеніміз не?
МӘС — азаматтың денсаулық жағдайын, ағза функцияларының тұрақты бұзылу дәрежесін және тіршілік-тынысының шектелуін кешенді бағалау жүргізілетін рәсім. Сараптама нәтижелері бойынша мүгедектіктің болуы, оның тобы мен мерзімі, сондай-ақ әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілік айқындалады.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
2. Азаматты МӘС-ке кім жібереді?
МӘС-ке жолдаманы қажетті диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары жүргізілгеннен кейін және тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соғатын ағза функцияларының тұрақты бұзылуы болған жағдайда медициналық ұйым рәсімдейді.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
3. Ауырғаннан кейін қандай мерзім өткен соң МӘС-ке жіберуге болады?
Жалпы тәртіп бойынша медициналық ұйым азаматты уақытша еңбекке жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған күннен бастап 4 айдан ерте емес мерзімде МӘС-ке жібереді. Жекелеген санаттар үшін ерекшеліктер көзделген.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
4. Мүгедектікті белгілеу үшін бір диагноздың болуы жеткілікті ме?
Жоқ. Аурудың болуының өзі мүгедектікті автоматты түрде белгілеуге негіз болып табылмайды. МӘС жүргізу кезінде ағза функцияларының бұзылуының тұрақтылығы және тіршілік-тынысының шектелу дәрежесі бағаланады.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
5. Ересектерге мүгедектіктің қандай топтары белгіленеді?
18 жастан асқан адамдарға ағза функцияларының тұрақты бұзылу дәрежесіне және тіршілік-тынысының шектелуіне байланысты I, II немесе III топтағы мүгедектік белгіленуі мүмкін.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
6. Мүгедектік қандай мерзімге белгіленеді?
Денсаулық жағдайы мен бұзылулардың сипатына байланысты мүгедектік белгілі бір мерзімге, ал жекелеген жағдайларда — белгілі бір жасқа толғанға дейін белгіленуі мүмкін.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
7. МӘС-ті үйде өтуге бола ма?
Иә. Заңнамада көзделген жағдайларда МӘС азаматтың үйінде, медициналық ұйымда стационарлық ем қабылдап жатқан кезінде, сондай-ақ жекелеген жағдайларда сырттай жүргізілуі мүмкін.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
8. МӘС-тен сырттай өтуге бола ма?
Иә, заңнамада МӘС-ті сырттай жүргізу көзделген. Оның ішінде тиісті негіздер мен қажетті деректер болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті түрде көрсету шеңберінде жүргізілуі мүмкін.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
9. МӘС нәтижелері бойынша не айқындалады?
МӘС нәтижелері бойынша мүгедектік, оның себебі, тобы мен мерзімі, жалпы немесе кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі, сондай-ақ қажетті әлеуметтік қорғау шаралары мен оңалту жөніндегі ұсынымдар айқындалуы мүмкін.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
10. Мүгедектік туралы анықтаманы қайдан алуға болады?
Мүгедектік белгіленгеннен кейін оны растайтын анықтаманы мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта алуға болады. Қызмет тегін көрсетіледі.