Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша аппеляциялық өтінішті қалай беруге болады? Өтінішті қарау тәртібі қандай?
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген «Апелляциялық комиссия туралы ереженің» (бұдан әрі – Ереже) 17-тармағына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033328 конкурсқа қатысушылардан келіп түскен өтініштер Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының» АҚ (бұдан әрі – ҰМҒТСО) ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте көрсетілген сәттен бастап, жұмыс органы арқылы қабылданады.
Сондай-ақ Ереженің 14-тармағына сәйкес Комиссия төмендегі мәселелерді қарайды:
1) ҰҒК қабылдаған шешімдермен келіспеуге байланысты конкурсқа қатысушылардың өтініштері;
2) ҰҒК мүшелерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері;
3) ҰҒК тарапынан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша аралық және қорытынды есептерді қарау нәтижелері бойынша берілген өтініштер.
Ереженің 15-тармағына сәйкес Комиссия төмендегі өтініштерді қарамайды:
1) ҰҒК қарауына жіберілмеген конкурс қатысушыларының өтініштері;
2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру көлемін азайту мәселелері бойынша өтініштер;
3) «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – орталық) ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру мониторингі нәтижелерін қарау мәселелері бойынша өтініштер;
4) анонимді өтініштер;
5) мәселенің мәні көрсетілмеген және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштер;
6) ҰҒК қойған немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері бойынша алынған балдарды арттыру немесе азайтуға байланысты өтініштер.
Егер өтініш осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, Комиссия оны қараусыз қалдырады.
Мысалы, егер ғалым Ахметов С.А. ҰҒК шешімімен келіспесе және шағымданғысы келсе, ҰМҒТСО-ның ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруі қажет.