Бизнесті дамытуға 5 млн теңгеге дейін грант алу үшін не қажет?
Грантқа өтінім беру үшін мынадай мәліметтерді көрсете отырып, «Kezekte.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу қажет:
- Жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) үшін - ЖСН, толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
- Заңды тұлғалар мен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін - БСН, басшының толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және ЖСН.
- Байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы).
- Екінші деңгейдегі банктегі банк шотының деректемелері.
Тіркелгеннен кейін PDF форматында мынадай құжаттарды қоса бере отырып, электрондық өтінім беріледі:
- Басшымен және мөрмен расталған жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса).
- Жобаны іске асыруға қатысатын жеке қаражаттың немесе мүліктің грант сомасының кемінде 20% мөлшерінде болуын растайтын құжаттар (банктен үзінді көшірме немесе мүліктің бағалау құны).
- «Бір ауыл - бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын кәсіпкердің шағын немесе орта бизнес немесе әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретіндегі мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Өтінім электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылады және өңірлік үйлестірушінің қарауына жіберіледі.
Өңірлік үйлестіруші тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімнің қабылданғанын растайды. Кемшіліктер анықталған жағдайда өтінім пысықтау үшін қайтарылады. Бір кәсіпкерге бір ғана өтінім беруге рұқсат етіледі.
Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған немесе күмәнді ақпарат ұсынылған жағдайда, өтінім себептерін көрсете отырып кері қайтарылады.
Тақырып
Бизнесті дамытуға 5 млн теңгеге дейін грант алу үшін не қажет?
Қысқаша мазмұны
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер белгіленген тәртіппен конкурстық құжаттаманың толық пакетін қоса бере отырып, «электрондық үкімет» (https://kezekte.kz/) веб-порталы арқылы электрондық нысанда өтінім береді.
Бөлімдер
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері
Мақалаға рұқсат
Барлығына қол жетімді (әкімшілік органдар + өтініш берушілер)
Сілтеме