«Almaty Business – 2030» өңірлік Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында азаматтар қандай мемлекеттік қолдау шарасын ала алады?

    Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы

    Сұрақ

    «Almaty Business – 2030» өңірлік Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында азаматтар қандай мемлекеттік қолдау шарасын ала алады?

    Жауап

    «Almaty Business - 2030» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау бизнесті дамыту үшін қолжетімді қарыз беру болып табылады:

    • мөлшерлеме: жылдық 6% және 9%;
    • мерзімі: 84 айға дейін;
    • валюта: тек теңге.

    Қолдау келесі өтініш берушілерге қолжетімді:

    • Алматы қаласындағы шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілеріне;
    • жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге, бизнес ашуды жоспарлап отырғандарға.

    Қаржыландыруды келесі ұйымдар ұсынады:

    • Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) - ірі инвестициялық жобаларға;
    • Almaty Finance және «Almaty» микроқаржы ұйымы – ШОБ субъектілеріне.

    Қаржыландыру мөлшері

    • ӘКК арқылы: 200 мыңнан 4 млн АЕК (айлық есептік көрсеткіш);
    • Almaty Finance арқылы 20 мыңнан 250 мыңға дейін АЕК
    • және «Almaty» микроқаржы ұйымы: 20 мыңға дейін АЕК.

    Қарыз қаражатын келесі мақсаттарға бағыттауға болады:

    • жабдықты немесе техниканы сатып алу;
    • жаңа өндірісті іске қосу;
    • жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту немесе дамыту, айналым қаражатын толықтыру.

    Мысал:

    Алматы қаласының Индустриялық аймағында орналасқан шағын өнеркәсіп паркінің резиденті, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін «Almaty Business - 2030» бағдарламасы бойынша Almaty Finance-ке жүгінді. Өтінім келісуден өтіп, қарыз алушы өзінің «Матрацтарға арналған жиынтықтауыштар өндірісі» жобасын қаржыландыруға жылына 6% жеңілдікпен, 1 081 млн теңге мөлшерінде 84 айға дейінгі мерзімге мақұлданды. Жобаны іске асыру 15 жаңа жұмыс орнын құруды, қазақстандық қамту мен импортты алмастыруды ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына қалай қатысушы бола аламы ?

    Жауап

    «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының (АЭА) қатысушысы болу үшін заңды тұлғаны тіркеу қажет (жеке кәсіпкерлер АЭА қатысушылары бола алмайды), басым қызмет түрін таңдап, қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін АЭА басқарушы компаниясына https://ait...

    Сұрақ

    Демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге қатысу үшін орынды қалай алуға болады ?Демалыс күндері өтетін жәрмеңке дегеніміз не?

    Жауап

    Демалыс күндері өтетін жәрмеңке — бұл сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейтін ұйымдастырылған сауда алаңы. Оның мақсаты — қала тұрғындарын өндірушілер мен фермерлерден тікелей алынатын жаңа өнімдермен қамтамасыз ету, сондай-ақ шағын бизнесті қолдау және сауда үстемелерін төмен...

    Сұрақ

    Алматы қаласында қаңғыбас жануарларды аулау мәселесі қалай реттеледі?

    Жауап

    Алматы қаласында иесіз және қаңғыбас жануарлардың санын реттеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі. Бұл шаралар адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу және адамдарға жануарлардың шабуыл жасау қаупін азайту мақсатында жүзеге асырылады. Жануарларды аулау жұ...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлер үшін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілу қандай мүмкіндіктер береді?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпорын мәртебесі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтитын, олар өндірген өнімді өткізетін, не осындай топтарға арналған тауарлар шығарып, қызмет көрсететін, сондай-ақ қоғамдық пайдалы, білім беру және мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыратын кәсіпк...

    Сұрақ

    С5 бизнес – көшіп келушілер санатындағы бастапқы визаны ұзарту туралы өтінішті қалай алуға болады?

    Жауап

    Қолдаухат Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары (ҚР ІІМ Көші-қон комитеті, әкімдік және т.б.) беретін, өтініш берушінің Қазақстанда бизнес-көшіп келуші мәртебесінде болу және келу өлшемдеріне сәйкестігін растайтын ресми құжат болып табылады. Өтінішті алу C5 визасын ұзарту...

    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу шарттары мен тәртібі қандай?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларымен реттеледі. Қосу үшін кәсіп...

    Сұрақ

    Демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге қатысу үшін өтінімді қайда беру керке?

    Жауап

    Демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге қатысу үшін өтінім «Алматы» ӘКК» АҚ-на беріледі. Бұл ұйым өтінімдерді қабылдауға, сауда орындарын бөлуге және жәрмеңкелерді ұйымдастыруға жауапты. Өтінім беру тәртібі Өтінімді «Алматы» ӘКК» АҚ-на жүгіну арқылы беруге болады. Өтінімде мыналар көрс...

    Сұрақ

    Заңды немесе жеке тұлғаларға арнайы техниканың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты қалай алуға болады ?

    Жауап

    Заңды немесе жеке тұлғаларға арнайы техниканың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына "е-Отініш" ақпараттық жүйесі арқылы немесе Байзақов көшесі, 303, 3 қабат мекенжайы бойынша Басқарманың кеңсесіне сұрау салумен жүгінуге қ...