Кәсіпкерлер үшін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілу қандай мүмкіндіктер береді?
Әлеуметтік кәсіпорын мәртебесі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтитын, олар өндірген өнімді өткізетін, не осындай топтарға арналған тауарлар шығарып, қызмет көрсететін, сондай-ақ қоғамдық пайдалы, білім беру және мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерге беріледі.
Мәртебе мемлекет тарапынан қолдау алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік кәсіпорындар үшін арнайы қолдау шаралары қарастырылған (5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар, жеңілдетілген шарттармен үй-жайлар, жеңілдетілген несиелеу).
Анықтама:
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі — әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы.
Тақырып
Кәсіпкерлер үшін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілу қандай мүмкіндіктер береді?
Қысқаша мазмұны
Тізілімге кіру әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі мәртебесін және мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық береді.
Сілтеме