Педагогтер арасындағы және педагог пен мектеп әкімшілігі арасындағы қақтығыстар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Педагог мәртебесі туралы» Заңына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп қағидалары мен педагогикалық әдеп нормаларына сәйкес қаралады.
Қақтығыс туындаған жағдайда мәселе алдымен білім беру ұйымы деңгейінде қаралады. Тараптар арасында түсіндіру және татуластыру жұмыстары жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда мектеп басшысы қызметтік тексеру тағайындайды.
Кәсіподақ ұйымы немесе әдеп жөніндегі кеңес тартылуы мүмкін.
Тексеру нәтижесі бойынша тәртіптік шара қолдану немесе татуластыру туралы шешім қабылданады.
Егер тараптар келіспесе, жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
Мақсат: Білім беру ұйымдарында туындайтын қақтығыстарды қарау, реттеу және шешу тәртібін түсіндіру