Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау электрондық кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Барлық өтініштер автоматты түрде тіркеліп, кезек қозғалысының ашықтығы қамтамасыз етіледі. Заңсыз кезекке қою, жалған тіркеу, деректерді өзгерту немесе негізсіз басымдық беру фактілері анықталған жағдайда ішкі мониторинг пен жүйелік тексеру жүргізіледі. Бұзушылықтар расталған жағдайда заңсыз енгізілген мәліметтер жойылып, кезек қайта қаралады. Сонымен қатар жауапты тұлғаларға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тәртіптік шаралар қолданылады.
Мақсат: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына (балабақшаларға) балаларды тіркеу және орын бөлу процесінің заңдылығын, ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз тіркеу фактілерінің алдын алу шараларын түсіндіру.