Бос орындар туралы хабарландыру
Ең алдымен, бос мемлекеттік лауазым пайда болған кезде мемлекеттік орган конкурс жариялайды. Конкурс туралы хабарландырулар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында және уәкілетті органның сайтында міндетті түрде орналастырылады. Қосымша түрде басқа сайттарда және әлеуметтік желілерде жариялануы мүмкін.
Құжаттарды тапсыру
Бірінші кезеңде үміткер құжаттарын тапсырады. Қажетті құжаттарға жеке куәлік, білім туралы диплом, еңбек өтілін растайтын құжаттар және басқа да талап етілетін мәліметтер кіреді.
Конкурстардың кезеңдері.
Келесі кезең – үміткерлерді іріктеу. Бұл жерде олардың білімі, тәжірибесі және белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Кейбір жағдайларда тестілеу өткізіледі, ол заңнаманы білу деңгейін анықтауға бағытталған.
Одан кейін әңгімелесу (сұхбат) кезеңі жүргізіледі. Бұл кезеңде комиссия үміткердің кәсіби қабілеттерін, жеке қасиеттерін және мемлекеттік қызметке сәйкестігін бағалайды.
Жеңімпаз үміткерді анықтау.
Барлық кезеңдерден өткен ТОП-5 үміткердің ішінен ең лайықтысы таңдалып, қызметке тағайындалады.
Бұл жүйеде ашықтықты қамтамасыз ету үшін конкурс рәсімдері нақты регламенттелген, ал ақпараттың жария түрде берілуі барлық азаматтарға тең мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында конкурстық комиссиялардың жұмысы бақылауда болады, шешім қабылдау рәсімдері заңмен реттеледі және үміткерлердің құқықтарын қорғау тетіктері қарастырылған.
Лауазымға тағайындау
Комиссияның қорытындысы негізінде мемлекеттік органның басшысы немесе уәкілетті тұлға нақты шешім қабылдайды.
Одан кейін жеңімпаз үміткерге лауазымға тағайындау туралы ұсыныс жасалады. Егер үміткер келісім берсе, тиісті құқықтық акт (бұйрық немесе өкім) шығарылады.
Сонымен қатар, кейбір лауазымдар үшін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Бұл кезеңде қызметкердің кәсіби біліктілігі мен жұмысқа бейімділігі бағаланады.
Лауазымға тағайындау үдерісінде де ашықтық пен заңдылық қағидаттары сақталады.
Мақсат: Мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу тәртібін, іріктеу кезеңдерін және қойылатын талаптарды талдау арқылы мемлекеттік қызметкерлерді қабылдау үдерісінің ерекшеліктерін анықтау.