Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының мөлшері
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.04.2025 жылғы № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап күшіне енді) бұйрығымен өзгеріс енгізілді. Жаңа редакциядағы 8-тармаққа сәйкес,мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі Әдістемеге сәйкес айқындалады. Жергілікті атқарушы органдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын дербес айқындайды.