«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы туралы
Жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жүргізіледі.
Акция әлеуметтік көмекті қажет ететін көп балалы отбасы қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша оқушылардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында өткізіледі.