Балаларға арналған қосымша білім беру бойынша біріңғай мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсетушілердің тізбесіне енгізу Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы №125, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 251/НҚ, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 75, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы №266/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген Алгоритмге сәйкес жүзеге асады. Балаларға арналған қосымша білім беру бойынша біріңғай мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсетушілердің тізбесіне енгізу үшін өтінім келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Ұйымға Комиссия көзбен шолу үшін бару жүзеге асырылады. Алгоритмнің 27 тармағы бойынша ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия Алгоритмнің 11-қосымшасына сәйкес сәйкестік/сәйкессіздік туралы хаттама жасайды және оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпараттық технологиялар нысанына орналастырады.