Облыс орталығынан ашылған «Ай-Керім» лагеріне жолдама алудың заңдылықтары туралы
1-10 сынып аралығындағы білім алушыларды лагерьмен қамту ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Қолданыстағы заңнама бойынша 5 категорияға (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасмылардан шыққан балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар, отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар, білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары) кіретін балаларға басымдық беріледі.