ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ағымдағы нысаналы трансферттері бойынша жекеменшік орта білім беру ұйымдарына 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларының бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес барлығы «Қаржы орталығы» АҚ аударылды.
Жеке мектептерді қаржыландыру бойынша әзірленген «Жекеменшік білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша пилоттық жобасы» бекітілді.
Пилоттық жобаға байланысты «Ortabilim» электрондық платформасы әзірленіп, ағымдағы жылдың 1-8 желтоқсан аралығында қыркүйек-желтоқсан айларының мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша «Ortabilim» электрондық платформасында конкурс жарияланды. Конкурс талаптарына сайкес 2 жеке мектептің құжаттары қабылданып, келісім-шарт негізінде қаржысы «Қаржы орталығы» АҚ-на аударылды.
Қалған жеке мектептердің қаражатты алуға мүмкіндігі жоқ болғандықтан жеке мектеп құрылтайшылары мен басшыларына қызметкерлердің бірінші кезекте тиісті еңбекақыларын төлеу тапсырылды. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23-бабы 2 тармағына сәйкес, қызметкердің тиісті жалақысын жұмыс беруші төлеуге міндетті болып табылады.