Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау
Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 578 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Оқуға түсу үшін құжат қабылдау жұмыстары «e-gov» электронды үкімет порталы арқылы жүргізіледі.
Электронды түрде құжат тапсырар кезде талапкер 4 мамандық таңдайды;
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес квота санатын белгілейді.
Қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурсты колледж анықтамайды, автоматтандырылған жүйе анықтайды.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде (грант) оқуға қабылдау бойынша өткізілетін конкурс аттестаттың міндетті және бейіндік пәндерінің орташа балы және квота санаты ескеріле отырып өткізіледі.