Мен біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы біліктілік санатын алу жөнінде өтінішімді қайда барып тапсырамын?
«Біліктілік санатын алу үшін өтінішіңізді Арал қаласы, Қарасақал Ерімбет көшесі №67 мекенжайында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету» орталығы департаментінің Арал аудандық бөліміне барып тапсыра аласыз. Сондай-ақ өтініш беру мүмкіндігі Egov Mobile қосымшасы арқылы да қарастырылған. Өтініш тіркелгеннен кейін орталық мамандары оны тиісті ақпараттық жүйе арқылы Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне жолдайды.»