Кәсіпкерлік мақсатта дүкен құрылысын салғым келеді. Ол үшін не жасауым керек?

    Арал ауданының әкімдігі

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік мақсатта дүкен құрылысын салғым келеді. Ол үшін не жасауым керек?

    Жауап

    Құрылыс дегеніміз негізінен әр түрлі ғимараттар мен үйлерді салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданатын материалдық өндіріс саласы. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады.

    Осындай құрылыс жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады: 1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу;

    2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу

    3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;

    4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

    5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Облыс әкімінің гранты қандай отбасыларға тағайындалады?

    Жауап

    Арал аудандық мәслихатының № 103 шешіміне сәйкес, облыс әкімінің гранты шеңберіндегі қолдау шаралары қазіргі уақытта тек осы кезеңге дейін оқуға түскен студенттер үшін ғана сақталады. Бұл төлемдер арнайы комиссияның шешімімен 2026 жылға дейінгі кезеңге әлеуметтік көмек бекітілген...

    Арал ауданының әкімдігі·
    Сұрақ

    Жеке көмекші қызметін қалай рәсімдеуге болады?

    Жауап

    Бұл қызмет Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамның өтінімі негізінде, ЭЦҚ көмегімен жүзеге асырылады, ХҚКО арқылы немесе бөлімнен кеңес алуға болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты eGov Ai көмегімен жылдам білуге болады.

    Арал ауданының әкімдігі·
    Сұрақ

    Туыстар мен зейнеткерлер жеке көмекші бола ала ма?

    Жауап

    2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның жұбайы (жары) зейнет жасына жетсе де жеке көмекші бола алады. Сонымен қатар, Әлеуметтік кодекске сәйкес туыстық қатынасына қарамастан тұрақты күтім жасайтын...

    Арал ауданының әкімдігі·
    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарға қандай көмек беріледі?

    Жауап

    Мемлекет тарапынан бөлім арқылы мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде 8 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Атап көрсеткенде: Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық қамтамасыз ету; Техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдарымен қамтамасы...

    Арал ауданының әкімдігі·
    Сұрақ

    Зейнеткер адамдар санаторлы-курорттық емге бара алады ма?

    Жауап

    Бөлім арқылы жалпы мүгедектерді абилитациялау мен жеке оңалту бағдарламасы негізінде санаторлы-курорттық еммен қамтамасыз етілуге болады. Зейнеткерлерге бұл қызмет түрі қарастырылмаған.

    Арал ауданының әкімдігі·