Мемлекеттік еңбек инспекторы Жұлдыз Отышина «Сынақ мерзімі: қызметкердің қандай құқықтары бар?» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сұхбат барысында еңбек инспекторы сынақ мерзімін белгілеу тәртібі мен оның ұзақтығын, сынақ мерзімі кезеңіндегі қызметкерлердің еңбек құқықтарының кепілдіктерін, еңбек шартын бұзу талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің жалақыны төлеу және түпкілікті есеп айырысу жөніндегі міндеттерін түсіндірді.
Сынақ мерзімі қызметкердің еңбек құқықтарын шектемейтініне және жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын сақтауға міндетті екеніне ерекше назар аударылды.
Аталған жұмыс азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға және қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар