Онлайн-эфир: еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері мәселелері бойынша

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Онлайн-эфир: еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері мәселелері бойынша
    БейнеконференцияАяқталды

    2026 жылғы 15 мамырда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.У. Отиншина «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді.

    Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу тәртібін, сондай-ақ жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін реттейтін негізгі ережелері қарастырылды.

    Эфир қатысушыларына жазатайым оқиға орын алған жағдайда уәкілетті органдарды уақтылы хабардар ету, тергеп-тексеруді ұйымдастыру, тиісті актілерді ресімдеу және осындай оқиғалардың қайталануын болдырмау бойынша шаралар қабылдау жөніндегі заңнама талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ тергеп-тексеру комиссиясын құру, тексеру мерзімдері және оқиға мән-жайларын объективті қарауды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Онлайн-эфир барысында тыңдаушыларға еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі және жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығы мен еңбек құқықтарын қорғау тетіктері бойынша ақпарат берілді.

    Мұндай онлайн іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.

    Еңбекті қорғау және қауіпсіздік

    Ұқсас материалдар

    БейнеконференцияАяқталды

    ОНЛАЙН-ЭФИР: ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҮЛГІЛІК ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ

    2026 жылғы 10 маусымда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу жөніндегі бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Сәкенов А.Б. «Құрылыс саласындағы үлгілік еңбек шарттары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру онлайн-эфирін өткізді. Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 ж...

    БейнеконференцияАяқталды

    Онлайн-эфир: Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру

    2026 жылғы 08 мамырда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу жөніндегі бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Садыкбекова Д.М. «Еңбек шарттарын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді. Эфир барысында...

    БейнеконференцияАяқталды

    Онлайн-эфир: Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру

    2026 жылғы 31 наурызда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Пономарева О.А. «Тәртіптік жазалар» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді. Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V...

    БейнеконференцияАяқталды

    Онлайн-эфир: Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру

    2026 жылғы 17 наурызда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеуова Э.М. «Жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімдері. Жалақыдан ұсталымдар» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді. Эфир барысында Қазақстан Республи...

    БейнеконференцияАяқталды

    Онлайн-эфир: Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру

    2026 жылғы 11 наурызда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекторы К.С. Сайбекова халықпен «Тәртіптік теріс қылық» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Онлайн-эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қа...

    БейнеконференцияАяқталды

    Онлайн-эфир: Тәртіптік жазаларды қолдану туралы Еңбек кодексі нормаларын түсіндіру

    2026 жылдың 04 наурызында әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ж. Сайфулова халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онлайн-эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек коде...

    БейнеконференцияАяқталды

    Онлайн-түсіндіру: жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру комиссиясы қалай құрылады

    2026 жылдың 27 ақпанда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы С.Г. Калышев халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онлайн-эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексіні...

    БейнеконференцияАяқталды

    Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша онлайн-эфир

    2026 жылдың 23 ақпанда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы С.Г. Калышев халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онлайн-эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексіні...