ХАБАРЛАНДЫРУ!
2026 жылғы 9 қараша күні сағат 09:00-де ауылдық клубта аудандық ветеринария станциясы мамандарының қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізіледі.
Жиында ауыл аумағындағы мал қорымының қоршаған ортаға әсерін бағалау мәселелері талқыланады.
Осыған орай, барлық ауыл тұрғындарын қоғамдық тыңдауға белсенді қатысуға шақырамыз!
Өтетін орны: Жиделіарық ауылының клубы.
Күні: 9 қараша 2026 жыл.
Уақыты: 09:00.