ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Жиделіарық ауылының тұрғындары!
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Шиелі аудандық филиалының менеджер-кеңесшісі Анарбек Ерлан Айдарбекұлы ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік мәселелері бойынша жеке қабылдайды.
Қабылдауда мына мәселелер бойынша кеңес беріледі:
жаңадан кәсіп ашу;
мемлекеттік қолдау шаралары мен кәсіпкерлік бағдарламалар;
бизнес жобаларды талқылау;
2,5 пайыздық несие;
кепіл мүлікке қойылатын талаптар;
1,5 млн теңгелік қайтарымсыз грант;
жұмыс істеп тұрған кәсіпті одан әрі дамыту жолдары.
Сондай-ақ кәсіпкерлікке қатысты қызметтер көрсетіледі (бизнес жоба жасау, сертификат алу және т.б.).
📅 Күні: 4 қараша
🕘 Уақыты: 9:00-ден 13:00-ге дейін
📍 Мекенжайы: Жиделіарық ауылы әкімдігінің ғимараты
Кәсіп ашуды көздеп жүрген немесе ісін дамытқысы келетін барлық азаматтарды қабылдауға шақырамыз!