Алтын күз-2026

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Орны
    Шиелі кенті, Орталық алаң
    Мәртебе
    Жақында
    Формат
    Тікелей
    Алтын күз-2026
    Мерекелік концертЖақында
    ⚜️ХАБАРЛАНДЫРУ!

    ⚜️ҚҰРМЕТТІ ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

    🔶Сіздерді 30–31 қазан күндері өтетін «Алтын күз – 2026» мерекесіне шақырамыз!

    Берекелі күздің мерейін асырып, еңбек адамдарының жетістігін ұлықтайтын мерекелік шаралар аясында тағылымды кездесулер, ғылыми-танымдық конференция, кітаптың тұсаукесері, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, театрландырылған қойылым, еңбек озаттарын марапаттау рәсімі, спорттық сайыстар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

    🌾 30 ҚАЗАН, ЖҰМА

    📍 Ыбырай Жақаев ауылы:

    • 09:00 – Ыбырай Жақаевтың ескерткіш-кесенесіне гүл шоқтарын қою, құран бағыштау;

    • 09:10 – Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейімен танысу;

    • 09:30 – «Жұлдызы жарық Шиелі» кітабының тұсаукесері;

    • 10:00 – «Ыбырай Жақаевтың еңбек мектебі: дәстүр, тағылым және сабақтастық» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция.

    📍 Шиелі кенті:

    • 11:00 – Ыбырай Жақаевтың 135 жылдығына арналған «Жақаевшылар ізімен: Жаңа заман озаттары» атты аудан жастарының еңбек озаттарымен кездесуі. Өтетін орны: Ы.Жақаев саябағы.

    • 16:00 – «Тұлғалар тағылымы: парасат пен пайым» атты кездесу кеші. Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаевтың 70 жас мерейтойы мен қоғам қайраткері Бибіжан Жәукөбаеваның 80 жас мерейтойына арналады. Өтетін орны: Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үй.

    🌾 31 ҚАЗАН, СЕНБІ

    📍 Шиелі кенті:

    • 08:00 – Аудандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі. Өтетін орны: Сапаржай алаңы.

    • 10:00 – «Алтын күз – 2026» мерекесіне арналған «Жұлдызы жарық Шиелі» атты театрландырылған қойылым және еңбек озаттарын марапаттау рәсімі.

    • 11:30 – «Шалқыған ән мен жыр елім, Киелі мекен – Шиелім!» атты аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концерті.

    • 19:00 – Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт және мерекелік отшашу!

    📍 Өтетін орны: Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орталық стадион.

    Сонымен қатар, мереке аясында қазақ күресінен облыстық турнир мен түрлі спорттық сайыстар өтеді.

    ⚜️Құрметті Шиелі ауданының тұрғындары мен қонақтары!

    🔶Берекесі мен бірлігі жарасқан Шиелі төріндегі «Алтын күз – 2026» мерекесіне келіп, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсерге толы сәттердің куәсі болыңыздар!Баршаңызды мерекелік шараларға белсене қатысуға шақырамыз!

    Ұқсас материалдар

    КонцертАяқталды

    КОНЦЕРТ

    Құрметті ауыл тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 17.12.2025 күні сағат 15:00-де Жиделіарық ауылдық клуб үйінде өтетін Республикалық «Абысын–ажындар» байқауының ІІІ орын жүлдегерлері – Есабыз баба келіндері мен ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалауға шақырамыз.Сіздерді 17.12.2025 күні сағат 15:00-де Жид...